Бұл туралы жастар бастамаларын дамыту орталығы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Шара кезінде Хиросима қаласында тұрған жапон қызы Садако Сасакидің 1000 оригами тырна жасау туралы тілегі баяндалатын хикая айтылады. - Оригамимен жұмыс жасау барысында әрбір қатысушы өз қалауынша қағаз тырнаға тілек жазып қалдыруы мүмкін. Бұл құстардың жартысы достық пен татулықты сақтау мақсатында Павлодар қаласында ілінсе, қалған жартысы пошта арқылы АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы қолында қағаз тырнаны ұстап тұрған қыз мүсіні орналасқан Бейбітшілік саябағына жіберілмек. 72 жыл бұрын орын алған қасіретті павлодарлықтар есінен шығарған емес. Бүгінгі күннің жастары бейбіт әлемде өмір сүруді қалайды, - дейді жапон мәдениеті клубының белсендісі Дамир Бекбаев.
Осыған дейін, 6 тамыз күні төменгі жағалауда «Жапон мәдениеті» клубының қатысушылары қағаздан ақ тырналарды жасау бойынша шеберлік сабағын өткізген болатын. Атап өту керек, аталмыш клуб ағымдағы жылдың ақпан айында жастар бастамаларын дамыту орталығы негізінде жұмысын бастаған.