Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Мұндай өсім педагогтердің функционалдық сауаттылықты дамытуға және тәжірибе алмасуға деген қызығушылығының артқанын айқын көрсетеді.
Өңірлік сараптамалық комиссиялар бағалау жұмыстарын аяқтап, республикалық кезеңге 140 үздік жұмыс жолдама алды.
Финалистердің бейнематериалдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының YouTube-арнасында жарияланды.
Финалистерге тұрғындар қолдау білдіре алады. Платформадағы қаралымдар мен реакциялар «YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал» номинациясының жеңімпазын анықтау кезінде ескерілетін болады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 20 желтоқсанда Астана қаласында өтеді.
Осыған дейін Қазақстанның әлемнің үздік 100 білім беру инновациясының қатарына енгені туралы жаздық.