Педагогикалық идеялар панорамасы-2026 республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Оқу-ағарту министрлігі «Педагогикалық» идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталғанын хабарлады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Материал бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған және авторлық құқықты сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт. Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады.

Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Конкурс нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.

Байқау ережелерімен толық танысу үшін ppi.orleu.edu.kz сайтына өту ұсынылады.

Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында сауда саласын цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдануға арналған «Sauda in Digital Nauryz» байқауы өтеді.