Педагогтердің білімін бағалауға өтініштер қабылдау басталды

АСТАНА. KAZINFORM – 7-10 шілде аралығында Қазақстанда педагогтардың білімін бағалауға өтініштер қабылданады.

Фото: Министерство просвещения РК

2026 жылғы 7-10 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалауға өтінішті қабылдау (жұмыс істеп жүрген педагогтер - медератор, сарапшы, зерттеуші, шебер санаттары үшін тек екінші мүмкіндік) жүргізіледі.

модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер санаттары үшін 14-19 шілде аралығында өтеді.
педагог санаты үшін 17 шілдеде өтеді.

модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер санаттары үшін 2026 жылғы екінші мүмкіндік құны – 5640 теңге. 

Сәуір айында жасаған төлемі қайтарылмаған үміткерлердің қаражаты өтініш беру кезінде автоматты түрде есепке алынады. Ал қаражатын қайтарып алған үміткерлер өтініш беру кезінде қайта төлем жасайды.

Педагог санаты үшін 2026 жыл бірінші мүмкіндік үшін - тегін, келесі мүмкіндіктер үшін - 5640 тг.

Айта кетелік ҰБТ-ны алмастыратын жаңа емтихан моделі әзірленіп жатқаны туралы жазған едік.