АСТАНА. KAZINFORM – Қостанайлық «Тобыл» футбол командасы құрамына португалиялық жартылай қорғаушы Педро Эуженио қосылды.
Қостанайлық клубтың баспасөз қызметі Педро Эужениомен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Эуженио қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін елімізде «Жетісу», «Тараз», «Астана» және «Атырау» сапында ойын көрсетті. «Астана» құрамында чемпионаттың үздік бомбардирі атанды.
Премьер-лигада барлығы 73 матч өткізіп, 32 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.
Тәжірибелі футболшы өз елінің «Спортинг» және «Бенфика» жастар командаларында ойнады. Португалияның жасөспірімдер құрамасында бес матч өткізген.
Айта кетсек, бұдан бұрын Сербиялық маман Милич Чурчич қостанайлық «Тобыл» командасы бас бапкері қызметінен кетті.
Оның орнына бас бапкердің міндетін қазақстандық маман Нұрбол Жұмасқалиев атқарады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.