Перизат Қайрат: маған тағылған негізсіз айыптарды мойындамаймын

Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша айыптауларды мойындамай отыр.

— Құрметті судья, мен айыптау актісімен келіспеймін. Маған тағылған негізсіз айыптарды мойындамаймын. Кейін барлық дәлел арқылы өзімді қорғаймын, — деп қысқа қайырды Перизат Қайрат.

Сонымен қатар Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева да тағылған айыптармен келіспей отыр.

Сот отырысы жалғасып жатыр. 

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайрат пен оның анасына тағылған айыптарды тізбектеп шықты

Айта кетсек, бұған дейін де Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптармен келіспеді

Сондай-ақ Перизат Қайрат тергеу изоляторы қызметкерлерінен жәбір көргенін айтқан еді. Артынша елорда полициясы тергеу изоляторында болған жайттың видеосын көрсетті. 

Белгілі болғандай Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтеді

Бұған дейін елордада Перизат Қайраттың ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өтті

Биыл 30 маусымда Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді.

Еске салайық, еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны 2024 жылы 14 қарашада белгілі болды.