Елдің Азаматтық қорғаныс қызметі басшысының мәліметінше, жер сілкіністері сенбі күні кешке Хунин өңіріндегі Чупака провинциясында тіркелген.
Перу Ұлттық сейсмологиялық орталығының X әлеуметтік желісінде жариялаған ақпаратына сәйкес, жер сілкіністерінің магнитудасы 5,1 және 3,7 болған. Табиғи құбылыс Лимадан шығысқа қарай шамамен 300 шақырым жерде орналасқан Чупака провинциясында орын алды.
– Бірінші жер сілкінісінің ошағы 24 шақырым, ал екіншісінікі 18 шақырым тереңдікте орналасқан, – делінген Ұлттық сейсмологиялық орталықтың хабарламасында.
Қазір өңірде зардап шеккендерге көмек көрсету және жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Перуде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болып, бір адамның қаза тапқаны хабарланған еді.