Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жүргізген қадағалау жұмыстары барысында мектеп бухгалтерінің бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактілері анықталды.
Тексеру нәтижесінде 2019 жылғы тамыздан 2024 жылғы тамызға дейін білім беру ұйымы қызметкерлеріне жалақы түрінде жалпы сомасы 89 млн теңге ақша заңсыз аударылғаны белгілі болды. Оның ішінде мектеп мұғалімдерінің бірінің қатысуымен 25 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Аталған фактілер бойынша Петропавл қаласының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
— 2026 жылғы 25 мамырда Петропавл қалалық сотының үкімімен бухгалтер мен мұғалім кінәлі деп танылды. Сот оларды материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, тиісінше 7 және 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енді, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында бюджет қаражатын жымқырған ауылдық округ әкімдіктерінің бухгалтерлеріне қатысты сот үкімі шыққаны белгілі болды.