Петропавл тұрғындарына жылу беріліп жатыр - ТЖМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Петропавл қаласының тұрғындарына жылу шаттатық режимге сай беріліп жатыр, деп хабарлады бүгін қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі сағат 19-05 –те Метропавл қаласындағы Я.Гашек көшесі 28 мекенжайы бойынша орналасқан «СевКазЭнерго» АҚ-на қарасты жылу электр орталығының бірінші мұржасы күшті желдің салдарынан құлағаны хабарланды. Осыған байланысты орталықта 2 қазандық жұмыс істеп тұр (барлығы 12 қазандық, оның 2-уі жұмыс істеп тұр, 4-уі тоқтатылды, тағы 4-уі аптты жағдайда болғандықтан жөнделіп жатыр, тағы 1-уі жоспарлы жөндеуде және 1-і жаңартылу үстінде).

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қалада ауа температурасы -8 0С, желдің екпіні секундына 9-17 метр. Бұл жағдай жылудың талапқа сай берілуіне кері әсер етті. Мұндай температура кезінде жылу желісіндегі температура 75 градусқа тең болуы керек еді. Қазіргі таңда ол 45 градус болып тұр. Дегенмен қаланы жылумен қамту штаттық режимде жүріп жатыр.

«Сондай-ақ жарылыс салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр және су сорғытылуда»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін жарылыс салдарынан 5 қазандық істен шыққанын және осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.