Әлеуметтік желілерде қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болған. Оқушы қыз мектепке кеткеннен кейін үйіне қайта оралмаған. Кейінірек оның өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат жарияланған.
«15 жастағы оқушының өлі денесінің табылу фактісі бойынша Петропавл қалалық ІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», - деп түсіндірді СҚО ІІД баспасөз қызметі.