Ел аумағында 5 ақпанда басталған іс-шараның басынан қалалық патрульдік полицейлер Жол жүрісі қағидаларын бұзған 695 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың 219-ы — жаяу жүргіншілер.
«Жаяу жүргіншілердің тарапынан болатын құқық бұзушылықтардан бөлек, көлік ішіндегі қауіпсіздік белдігін тақпайтындарға да ерекше көңіл бөлінеді. Жедел-профилактикалық іс-шараның алтыншы күнінде кәмелет жасына толмаған жолаушыларға арналған арнайы құрылғыларды пайдаланбағаны үшін 10 жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы „Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау“ бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды» - дейді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны штабының бастығы Оксана Попова.
Еске сала кетейік, бұған дейін 4 күннің ішінде облыста 1282 түрлі құқық бұзушылық анықталғанын хабарлаған болатынбыз.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанда аяқталады.