Онкологиялық орталықтың мәліметінше, күрделі ота 2 сағатқа созылған. Операцияны жергілікті мамандар жасады. Бұл жағдайдың ерекшелігі — ісіктің көлемі ерекше үлкен болған. Науқастың дене салмағы 150 келі болса, алып тасталған ісіктің салмағы шамамен 10 келіге жеткен. Дәрігерлер науқасқа құрсақ қуысында ісіктің барын бір жыл бұрын айтқан. Алайда әйел жағдайы әбден нашарлап, жүре алмай қалғанда ғана медициналық көмекке жүгінген.
Операция барысында ісіктің көлемін кішірейту мақсатында алдымен дренаждау жүргізілген. Осыдан кейін ғана оны құрсақ қуысынан алып шығу мүмкін болды.
Дәрігерлер ешқандай шағым болмаса да, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмауға кеңес береді. Тұрақты профилактикалық тексерулер ауруларды ерте кезеңде анықтауға және емнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін СҚО-да қатерлі ісіктің қай түрлері көп таралғанын жазған едік.