Петропавлда ер адамды көлік қағып, мерт қылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ер адамды жеңіл көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жол апаты Жамбыл көшесінің бойында кешкі сағат тоғыздар шамасында болған.

«63 жастағы «Kia Sorento» жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

«Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.