СҚО прокуратурасының мәліметінше, екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 3 мың шаршы метр. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі жоғары стандарттарға сай салынған.
Мұнда білім берудің басты ерекшелігі - әр топта жасанды интеллект элементтері бар жүйелер енгізілген. Интерактивті технологиялар бүлдіршіндерге сабақтарды ойын түрінде өткізуге мүмкіндік береді, олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, жобалау және нысанды салу кезінде балалардың қауіпсіздігі мен жайлылық талаптары бірінші орынға қойылды.
Бүгінгі таңда облыста қайтарылған активтер есебінен білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр.
Бұл жобалардың орындалу барысын СҚО прокуратурасы бақылауға алған.
Бұған дейін СҚО-дағы Бірлік ауылына қайтарылған активтер есебінен ауыз су тартылғанын жазған едік.