Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 -ге ғимараттың кірберісінде белгісіз қараусыз пакеттің жатқаны туралы қоңырау шалынған. Оқиға орнына «Қазақтелеком» қызметкерлерінің шақыртуымен Петропавл қалалық
Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келіп, ғимараттан дереу келушілер мен қызметкерлерді шығарды.
Арнайы бөлініс қызметкерлері мен кинолог мамандар ғимаратты толық тексеріп шығып, қауіпті заттарды таппады. Ал күмән тудырған пакетті жарылғыш заттар бойынша инспектор-маман тексеріп, оның қауіпсіз
екендігін анықтады. Пакеттің ішінен телефон аппараты шықты.
«Бұл пакетті келушілердің бірі ұмытып кеткен болуы керек. Қазір мекеме қызметкерлері пакеттің иесін анықтау үшін бейнекамералардағы жазбаларды тексеріп жатыр», - дейді жедел-тергеу тобы құрамындағы кезекшілікте болған тергеуші Камила Макина.