Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар су айдындарының бірінен көмекке мұқтаж аққуды байқап, құтқарушыларға хабарласқан. Құс әбден әлсіреген, бір қанаты сынған. Мұз қатуына байланысты аққу судан өздігінен шыға алмаған.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, аққуды судан шығарып, Петропавл қаласындағы ботаникалық баққа жеткізді.
Қазіргі уақытта құс мамандардың бақылауында. Оған қажетті күтім жасалып, қалпына келуіне көмек көрсетіледі.
Осыған дейін Павлодарда жыртқыш жануардың шабуылына ұшыраған жаралы аққу құтқарылғаны туралы жаздық.