Полиция Петропавл қаласында 20 қыркүйек күні сағат 23:15 шамасында Назарбаев көшесінде болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
— Алдын ала мәлімет бойынша, Yamaha мотоциклінің 41 жастағы жүргізушісі жолдың жүру бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 38 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Дене жарақаттарын алған мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, — дейді тәртіп сақшылары.
Ведомство мәлім еткендей, тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде жол-көлік оқиғасына әкелген себептер мен жағдайлар анықталып жатыр.
Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында, Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін Қонаевта бала көлік астына түсіп, мерт болғанын жазғанбыз.