Петропавлда нашақор әкесінің көлігін айдап әкетіп, сатпақ болды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл полицейлері жыл басынан автокөлік ұрлығына қатысты 33 деректі тіркеп, 32-сін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметініңхабарлауынша, көп жағдайда Петропавлда автокөлікті жеңіл олжа, яғни сатып пайдатабу үшін емес, уақытша міну үшін айдап әкетеді екен. Алайда наурыз айындаболған оқиғаның оған қатысы жоқ. Петропавл қаласының есірткіге тәуелді 28жастағы тұрғыны әкесінің «ВАЗ-2114»көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Машинаны қосалқы бөлшек ретінде сатпақ болыпты,бірақ тез арада сатып алушы табылмаған. Іс екі жақтың мәмілеге келуіментоқтатылды.

«Бұл жерде күдікті мен жәбірленуші туыстар. Жалпы көп жағдайда көлікті айдапәкетуші мен зардап шегуші таныс болып келеді. Осындай қылмыстардыбайланыстыратын тағы бір жағдай – олардың бірге отырып ішімдік ішуі. Көзалдында жатқан машина кілті, мастықпен ойлауға мұрша бермей, біреудің көлігінрұқсатсыз мініп кетуге әкеледі», - дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасыкриминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Ерболат Қаптаев.

Кездейсоқ көлік айдап кетушілер де негізінен бұл заңсыз әрекетке мастықпенбарады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, кейде таныстың көлігін арам ойсызескертпестен мініп кетудің салдарынан автомашинаға іздеу жариялаған кездерболыпты.

«Түнде қараңғы, бейнекамера орнатылмаған жерде қалдырылған көлік біріншікезекте ұрланады. Дабылқаққыш жұмыс істесе де көлік иесі ит-мысық не болмасақұстан шығар деп мән бермейді. Ақылы тұраққа қоюға мүмкіндік болмаса,дабылқаққыш орнатып, ұрлаудан қорғайтын қосымша құрылғыларды орнатқан жөн. Егеркөлікте GPS-навигатор болса түнгі уақытқа оны сөндірмеген дұрыс. Ал күндізмашинадан бірер минутқа шықсаңыз да есіктің дұрыс жабылғанын байқаңыз», - депкеңес береді Ерболат Қаптаев.

Соңғы жаңалықтар