Петропавлда өрт шыққан үйден 100-ден астам адам эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM - Петропавл қаласында Уәлиханов көшесінде орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің балконынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше эағдалар министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: ҚР ТЖМ
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері өртті аз уақыт ішінде толық сөндіріп, оның басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді.
-Үйден 117 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ,-делінген хабарамада.
Өрттің шығуының алдын ала себебі — балконда темекі шегу.