Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметініңхабарлауынша, Петропавл қаласының тұрғыны Дмитрий Зайцев төртінші қабаттағыпәтердің терезе жақтауына шыққан 2 жасар сәбиді құтқарған болатын. Ол балконарқылы пәтерге кіріп, терезеден құлайын деп тұрған нәрестені түсіріп алды. Албалаға қарауы тиіс әйел түнгі кезекшіліктен кейін ұйықтап кеткен екен.
Сәби оқиға кезінде жұмыста болған әке-шешесіне аман-есен табысталды.
«Ойлануға уақыт болған жоқ. Жоғары қабаттан төртінші қабаттағы балконғасекіріп, пәтерге кірдім. Төменде адамдар көрпені жайып ұстап тұрды. Ол кезде өзқауіпсіздігім туралы ойыма да келмепті» - дейді Дмитрий.
Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы НұржанҚожағұлов Дмитрий Зайцевке алғыс хат пен қол сағатты табыс етті.
«Бірлескен әрекеттер арқылы біз тұрғындардыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысының тиімділігін арттырамыз. Бұдан бөлек,профилактикалық іс-шараларды өткізе отырып, азаматтардың құқықтық санасыннығайтуды да көздеп отырмыз. Азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысуы –олардың құқықтық тәртіп мәселелеріне қатысты белсенді көзқарастарын білдіреді»,- деді Нұрлан Қожағұлов.
Биыл Петропавлда балалардың көп қабатты үйлердің терезесінен құлап қайтысболуына қатысты екі оқыс оқиға тіркелді.