Полиция құдықтарды, жылу құбырларын, қараусыз қалған ғимараттарды аралап жүр. Қазіргі уақытта Петропавлда 196 адам қаңғыбас ретінде тіркелген. Олардың 71-і әйел адам.
Полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды қабылдайтын бөлімге жеткізеді, бұл жерде қылмысқа қатысы бары-жоқтығын тексеру үшін саусақ таңбалары алынады.
«Бөлімшеде тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға медициналық көмек көрсетіледі. Бір мезгіл ыстық ас береміз. Көшеде, подъезде жүрген адамдарды көрсеңіздер хабарласуларыңызды сұраймыз», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының Қабылдап-тарату бөлімінің бастығы Руслан Әлібаев.
Автор: Ақерке Дәуренбекқызы