Осыған орай бірқатар білім беру ұйымында жекелеген сыныптар уақытша қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді.
Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың ішінде М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі бар. Бұл оқу орнында 3 сынып онлайн форматқа ауыстырылды. Мәселен, 1 «Ә» сыныбындаға 23 оқушының 9-ы ауырған, 1 «Б» сыныбындағы 24 оқушының 18-і және 8 «Б» сыныбындағы 24 оқушының 10-ы ауырып жатыр. Бұл мектепте қашықтан оқыту 18 қараша басталып, 25 қарашаға дейін созылмақ.
Петропавлдағы №4 орта мектепте де 3 сынып 19-26 қараша аралығында қашықтан білім алады. Мұнда мектепалды даярлық тобындағы 14 оқушының 10-ы, 7 «А» сыныбындағы 24 оқушының 15-і және 1 «Ә» сыныбындағы 8 оқушының 6-ы ауырған.
Қашықтан оқуға Петропавлдағы Бірінші гимназияның 2 сыныбы да кетті. Мұндағы 5 «В» сыныбындағы 23 оқушының 14-і және 9 «А» сыныбындағы 24 оқушының 10-ы ауырып жатыр. Әзірге бұл білім ордасында онлайн оқыту 21 қарашаға дейін бекітілді.
Қашықтан оқыту форматына Павлодар өңірі бойынша 150 сыныптың оқушылары көшірілген.
Сондай-ақ министр Әлназарова бастауыш сыныптар қандай жағдайда қашықтан оқуға көшетінін айтты.
Бұған дейін СҚО-да «гонконг тұмауын» жұқтырғандар саны көбейіп бара жатқанын жазған едік.