«Өтен аптада ел аумағында адам саудасы, жеңгетайлық және жұмысқа жегу мақсатында бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Операция барысында жалдамалы баспаналар, көңіл көтеру орындары, моншалар мен сауналар, қонақ үйлер вокзал маңындағы алаңдар мен өзге де нысандар тексерілді. 3 күннің ішінде 56 қылмыс, оның ішінде жұмысқа жегу мақсатында заңсызбас бостандығынан айырудың - 2, адам саудасының - 2 және кәмелетке толмағандарды саудалаудың 2 фактісі анықталды», - деді ол.
Нұрділдә Ораздың дерегінше, мұнан бөлек жезекшелікпен айналысудың 7 фактісі, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған қыздың әрекеті әшкереленді.
«Жезекшөлікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайды әдейі берудің 20 және қоғамдық орында қылмыңдаудың 423 фактісі анықталды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Петропавлда бірнеше саунаны жезекшөлікпен айналысу үшін жалға алып, жеңгетайлықпен айналысқан 8 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетіне тоқсауыл қойды», - деді ресми өкіл.