Әлеуметтік желіде Петропавл көшелерінде толықтай монтаждық көбікпен қапталған көліктің жүйткіп жүрген бейнежазбасы тарады. Видеодан көлікке көбіктің тұтас құйылғанын көруге болады, тек жүргізушіге жолды көру үшін кішкене саңылау жасалған. Бұзақыны полицейлер алысқа ұзатпай ұстады.
14:45, 04 Қараша 2023
Петропавлда жігіт монтаждық көбікпен қапталған автокөлікпен көшеде жүрген
Петропавлда 21 жастағы жігіт 15 тәулікке қамалуы мүмкін. Ол қала көшелерінде толық монтаждық көбік жағылған көлікпен жүрген, деп хабарлайды Kazinform.