Петропавл қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарақат пунктіне қаралғандардың 600-ден астамы далада құлап жарақат алған. 16 адамды үсік шалды.
Қаралғандардың 104-і ауруханаға жатқызылды.
«Желтоқсан-қаңтар айларында көктайғақ пен аяздың салдарынан жарақат пунктінде дамыл болмайды. Қазіргі уақытта тәулігіне орта есеппен 50 адам медициналық көмекке жүгінеді. Тағы бір айта кететін жайт, үсік алғандардың кейбірі уақыт өткізіп барып емдеу мекемесіне келеді. Үйде өздері емделмек болады. Салдарынан жарақаты ушығып, үсіген қол-аяқ, саусақ терісі қарайып, некрозға айналады. Мұндайда препараттармен емдеу мүмкін емес, тек ампутация ғана көмектеседі. Сондықтан осындай жағдайға жеткізбеу үшін үсіктің алғашқы белгілерінде-ақ медициналық көмекке жүгінуге кеңес беремін», — дейді медициналық мекеменің баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.