«СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясының акционерлерімен ЖЭО-2 жөндеу жүргізуге бағытталған қаражатты 6 млрд теңгеден 12 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл қаражатқа ЖЭО-2-ның 11 қазандығы мен 7 турбина, жылу және электр желілері жөнделеді. Сондай-ақ, жаңа түтін құбыры салынады. Қазіргі уақытта құбырдың құрылысы басталды. Барлық жұмыстар бақыланып, кестеге сәйкес орындалып жатыр», - деді Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Өңір басшысының мәлімдеуінше, жаңа түтін құбыры құрылысын күзге дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жаңа оқу жылынан бастап СҚО-да бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады.
Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров өңірде өнімділігі жоғары егістік техникалары кешені құрастыралатыны туралы айтты.