Алғашқы күні тұраққа 11 адам келді. Тұрақты мекенжайы жоқтарды қабылдау-тарату мекемесінің қызметкерлері рейд барысында түнде оларды құбыр және құдықтардан тауып, бөлімшеге жеткізеді.
Тұрақта кешкі және түнгі уақытта полиция қызметкері ғана емес, медицина қызметкері де кезекшілік етеді.
Тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы ғимаратты кварцтеу арқылы тазарту, бір реттік көрпе тысымен, орамалмен қамтамасыз етуді өз мойнына алған.
Орталық директоры Жасұлан Сомтеміровтың айтуынша, ғимаратты жылыту үшін пеш орнату, оған отын жеткізуді мәселесін әкімдік шешіп берген. Ғимаарттың іші жылы әрі құрғақ.
Түнемелікті ашу жөнінде бастаманы полиция мекемесінің басшысы генерал-майор Берік Билялов көтерген. Осы бастаманы жергілікті атқарушы билік қолдап, оған бұрынғы мектептің ғимаратын ұсынған.