Суретті нысан объективке қиық ілінгенде оны түзету үшін суретті бір жағына қисайтқаннан кейін фотоның шеттерінде бос бұрыш-орындар пайда болады.
Adobe өкілдері жария еткен видеоға сенсек, бос орындарды толтыру функциясы жадыда бар сурет негізінде жұмыс істейді. Adobe Photoshop бос жолдарды өздігінше толтыруы үшін Crop құралында Content-Aware тетігін іске қосу керек. Кейін графикалық редактор суретті берілген өлшемдер бойынша өзі толықтырады.