«Мереке қарсаңында Ішкі істер министрлігі тұрғындарға өз мүліктеріне мұқият болуға, карантиндік іс-шаралар мен денсаулық сақтау ұйымдарының ұсыныстарын ұстануға кеңес береді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады», - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сату және оны адамдар көп жиналатын жерлерде пайдалануға жол бермеу бойынша тексерулер жүргізіледі.
«Сондай-ақ полицейлер пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды», - деді Нұрділдә Ораз.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаңа жыл қарсаңында ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшеді.