POLICE RUN жүгіру жарысына екі мыңнан астам адам қатысты

АСТАНА.KAZINFORM - Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында POLICE RUN жүгіру жарысы өтті.

Фото: ІІМ

Іс-шараны Ішкі істер министрлігінің ARLAN спорт клубы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Ауқымды спорттық шараға екі мыңнан астам адам қатысты.

Фото: ІІМ

Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге елорда тұрғындары, жүгіруге әуес жандар және салауатты өмір салтын қолдаушылар жарыс жолына шықты.

Аталған іс-шара Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік бағдарламаның бір бөлігі болып, бұқаралық спортты дамытуға, қоғамдық бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салты мәдениетін насихаттауға өз үлесін қосты.

Фото: ІІМ

Қазақстан ІІМ Ұлттық ұланының Ән және би ансамблі мерекелік іс-шараның сәнін келтіріп, қатысушылар мен қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Астанада жазғы жүгіру маусымы басталғанын жазған едік.