Бұл туралы Аққулы ауданы ішкі саясат бөлімінің маманы АманжолЕренұлы мәлім етті.
«ҒалымбекЖұмабаев отбасымен бірге жағажайға демалуға барған. Сол кезде І, ІІ курс студенттерініңжағада серуендеп жүргенін байқап қалады»,-дейді Аманжол Еренұлы.
Тәртіп сақшысы енді бір қараған сәтте олардыңсуға батып бара жатқанын көріп қалып, дереу әрекет етуге кіріскен. Полицияқызметкері алдымен алысқа кетіп қалған қыз баланы жағаға шығарып алып, соңынандереу үшеуіне көмек көрсетуге асыққан. Одан соң жастарға медициналық қызмет көрсетеді. Студенттер естерін жинағаннан кейін мұндайсеруеннің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп, үйлеріне жіберген.
Айта кеткен жөн, Ғалымбек Жұмабаев ішкі істерорганында 10 жылдан астам жұмыс істейді.