«Полиция қоғамның сенiмiнен шығуы керек. Қазiр қоғам жол-патрульдiк қызметтiң офицерi жол ережесiн бұзғаны үшiн әкiмге немесе министрге айыппұл салатынына сенбейдi. Мен Қасымов (ред. - ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов) туралы тiптi айтпай-ақ қояйын. Мысалы, жақында АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Джон Керримен бiр оқиға болды. Оған өз үйiнiң алдында уақытылы қар тазаламағаны үшiн айыппұл жазып берген. Оның баспасөз хатшысы айыппұлды төлейтiндiгiн мәлiм етiп үлгердi», - дедi Мемлекет басшысы.
Соған байланысты Президент бiрқатар тапсырмалар бердi. «Сондықтан, полицейлердiң мәртебесi мен оның азаматтар алдындағы жауапкершiлiлiгiн арттыру қажет. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ететiн шаралар жиынтығын жасақтау, ақпараттық технологиялардың дамыту, бейнерегистраторлармен қамтамасыз ету қажет. Полицияға кәсiби-психологиялық iрiктеудiң жаңа жүйесiн жасау маңызды. Полицей бiлiктiлiгiн анықтау бойынша сынақтар өткiзiлiп отыруы шарт», - деп атап өтті Н.Назарбаев.