Полицейдің погонын жұлып алған тұрғын қамауға алынды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Полицейдің погонын жұлып алған тұрғын қамауға алынды. Оқиға Алматы облысында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кербұлақ ауданына қарасты  Қосағаш ауылының  тұрғыны учаскелік инспекторға қарсылық көрсетіп, погонын жұлып алған.  Анықталғандай, ақпанның 28-не қараған түні газ балонын тасымалдайтын  көліктің жүргізушісі ауыл ішінде жылдамдықты асырып, ойран салған. 

«Аталған азамат ауылдың бір шетінен табылды. Ішімдік ішкен жүргізуші бірден полицейге қарсылық көрсетіп, айтқанына бағынбаған. Осыған қарамастан, ауылдың тәртіп сақшысы оны ұстап аудандық полиция бөліміне жеткізді», деп  хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бұзақы полицейдің погонымен қатар формасының түймелерін де жұлып алған. Қазір аталған факті бойынша іс қозғалды.