Тәртіп сақшысының бұзған ережелерін тізбектесек, ол 2 мәрте жолдың қарсы бетіне шығып кеткен, 2 рет жолдың қарсы жолағымен жүрген, 2 рет бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, өтіп кеткен, одан басқа жаяу жүргіншілерге жол бермеген, мемлекеттік нөмірі ластанған күйде жүрген.
Жолға шықса, желігіп кететін жүргізуші Астана қаласының ІІД Тылды қамтамасыз ету басқармасының қызметкері, полицияның аға сержанты А.Е. Темірғалиев екені анықталды. Оның үстінен 6 әкімшілік іс қозғалды.