Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 22 желтоқсанда «Астана-Жезқазған» бағытындағы жолаушылар пойызында болған.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес құқық бұзушы «орта деңгейдегі» алкогольді масаң күйде жүрген.
Аталған факт ҚР ҚК 380 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді (Билік өкіліне қарсы күш қолдану).
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Аталған іс сотқа жолданды.