Қостанайда 20 қыркүйек күні 18 жастағы Сергей Бурлаков үйінен шығып кеткен. Бұған дейін хабарлағанымыздай ол анасына Садчиков ауылында тұратын досына баратынын айтқан.
Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер Сергей Бурлаковтың 4 күн бойы таныстарында болғанын анықтады. Ол отбасындағы кикілжіңнен кейін үйінен кетіп қалған.