«Талдықорғанның полицейлері иттің иесін анықтау мақсатында оқиға болған жердегі үйлердің тұрғындарына сұрау салып, жұмыстар жүргізген еді. Бірақ төрт аяқты жануар иесіз болып шықты. Соңынан қаңғыбас ит арнайы мамандардың қолына тапсырылды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Талдықорған қаласында балабақшадан қайтып келе жатқан кішкентай балаға көшедегі ит тап бергенін хабарлаған болатынбыз. Абырой болғанда сол маңдағы адамдар 4 жасар қызды қабаған иттен арашалап алған.