АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе - Орск тас жолында белгісіз біреу ауыл тұрғынын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы туралы көріп, білген жүргізушілерді іздеп жатыр.
«3 қараша күні сағат 6:00 мен 7:30 аралығында Ақтөбеден Орск қаласына немесе Орск қаласынан Ақтөбеге бет алған жүргізушілерден көмек сұраймыз. Қала маңындағы Пригородный 1 ауылы маңында жаяу жүргінші мерт болған. Күдікті оқиға орнынан кетіп қалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Видео тіркеу құралы бар көлік жүргізушілері мына байланыс нөміріне хабарласуды сұрады: 8/7132/936100, 936118, 7-776-546-6666, 7-778-000-2476.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.