ІІД бастығының орынбасары Қаныбек Жақсығалиевтің айтуынша, полицейлер әйелдер құқығына қатысты заң бұзушылықтың алдын алу, қылмыстардың жолын кесу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен бірге, ІІД тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, басқа да азаматтық қоғам институттарымен әріптестік қатынастарды әрі қарай дамытуға мүдделі.