Полицейлер аптап ыстықта жол жүретін жүргізушілерге кеңес берді

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының полицейлері аймақта ыстық ауа райының сақталуына байланысты жүргізушілерге сақтық шараларын сақтау туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алыс сапарға жолжүруді таңертең немесе кешке, яғни күнжоқ кезде жоспарлау қажет. Дәрі-дәрмектіжүксалғышта емес, өзімен бірге қобдишасында ұстаған жөн және тәтті сусын емес, таза су ішуге кеңесбереміз. Себебі тәтті сусын адамды шөлдете береді. Сондай-ақ күннің ыстығынан асфальт өз сапасын жоғалтадыжәне тайғақ болады. Сондықтан жолда барынша абай болу керек. Көліктің суыту жүйесін үнемі бақылап, термометрдің »қызыл« аймаққашығуына жол бермеу керек. Дизельді отын мен бензин жоғары температура кезіндебуланады. Бұл өрттің шығуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, барлығыналдын-ала тексеріп отыру қажет. Күннің аптап ыстығында жүрек-қантамыр жәнесозылмалы аурулары бар жүргізушілерге осы кезеңде жол жүруден бас тартуға кеңесбереміз. Көлікті жүргізіп келе жатып өзін жайсыз сезінетін болса, жүргізушікөлікті тоқтатуы керек. Жағдайынашарлаған жағдайда тез арада 112 немесе 102 құтқару қызметіне қоңырау шалғаныжөн. Сондай-ақ ыстық ауа райында көптеген адамдарда бастың айналуы, әлсіздік,ұйқышылдық пайда болып, ұйықтау қаупі артатынын еске саламыз» делінген Алматыоблыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге салакетейік, облыстық ТЖД-і өңірдің тұрғындарына 19-22 шілде аралығында ауатемпературасының 43 градусқа дейін көтерілетінін ескертіп, смс хабарламатаратқан болатын.