Тәртіп сақшылары Қостанай облысы автокөлік жолының 17361 шақырамын тексерген. Барлығы 1495 зерттеу жүргізіп, 1615 ескертулер мен ұсыныстар шығарды.
«Автокөлік жолдарына және теміржол өткелдеріне дұрыс күтім жасамағаны үшін 152 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл елді мекендердің жолдарына 43650 шаршы метр көлемінде термопластикалық жол белгілері салынды. Ақ және сары түстерден тұратын жаңа белгілер жүргізушілерге алыстан анық көрінеді. Білім беру мекемелерінің жанындағы көлік жолдарына 1.21 «Балалар» ескерту белгілері салынды. Қиылыстар аумағында қозғалыс жолақтарының шегін айқындайтын 1.7 жол белгісі қойылған. 1500 жол белгілері қайта қалпына келтірілді.
Жаяу жүргіншілерді қағумен байланысты ЖКО алдын алу мақсатында, Қостанай қаласында жарық модульдері бар жаяу жүргінші өткелдері орнатылды. Абай даңғылында (автовокзал аймағы) жаяу жүргіншілер үшін жер үсті өткелінің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде», делінген полиция ақпаратында.
Биыл Қостанайда 8 жаяу жүргінші өткелі қоңырау құрылғысымен жабдықталды. 4 жаңа транспорттық бағдаршам орнатылды.
«Халықаралық маңызы бар М-36 автомобиль жолын республикалық маңызы бар Р-36 және А-22 автомобиль жолдарымен байланыстыратын тас жол өткелі салынды, бұл қаланың жол желісін транзиттік көліктен арылтуға мүмкіндік берді. Қостанай облысының аумағында жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркейтін 44 «Автоураган» автоматты кешені жұмыс істейді, соның 10-ы биыл орнатылды», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.