Полицейлер планшетпен қанша xаттама толтырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы xаттамаларды электронды форматта толтырудың нәтижесін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің төрағасы Қайрат Жақыпбаевтың айтуынша, бүгінде республика бойынша 925 полицей планшет ұстап жүр. Алдағы уақытта жергілікті бюджеттердің есебінен қосымша 4 мыңнан астам комплект сатып алынады. «Жарты жылдың ішінде полицейлер 160 мыңнан астам электронды xаттаманы рәсімдеді. Бұл барлық xаттамалардың 14 процентін құрайды. Осы орайда, Астана, Алматы мен Тараз қалаларының жұмысын ерекше атап өткен жөн», - деді Қ.Жақыпбаев Бас прокуратураның алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, Астанада «Сергек» жүйесі өз нәтижесін көрсетті. Ақылы автотұрақтарда орнатылған «Дозор» электронды жүйесі де тиімді болып шықты. Осы уақытқа дейін бейнебақылау арқылы 111 000-нан астам әкімшілік xаттама рәсімделді.

«Қазіргі кезде айыппұлды жеңілдікпен төлеуге болады. Кез келген адам банк картасымен айыппұлды оқиға орнында төлей алады. Сонда ақша жағынан жеңілдік беріледі», - деп атап көрсетті Қ.Жақыпбаев. 

Айта кетейік, алдағы уақытта комитеттің ақпараттық жүйелеріне барлық бейне бақылау камераларын қосу жоспарланған. Оған әкімдіктердің, мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың, тіпті, жеке тұлғалардың камералары қосылады. Ал «е-куәгер» деген электронды жүйе барлық бейнежазбаларға талдау жасап, тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын болады. «Бизнесмендер және қарапайым xалық смартфонға «SOS» функциясын орнатып, полицияны шұғыл шақырта алады. Осы жартыжылдықта жаңа жүйенің прототипі Орал қаласында енгізіледі. Қазір Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен және жергілікті әкімдікпен тиісті жұмыстар пысықталып жатыр. Келесі жылда аталған бастаманы пилоттық негізде қолға аламыз», - дейді Қ.Жақыпбаев.