Ресми өкіл жеті күндік «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тыйым салынған заттар мен қару-жарақты анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шарасы өткізілгенін жеткізді.
«Осының нәтижесінде, заңсыз сақталған 109 иір ойықты, тегіс ұңғылы, травматикалық немесе газды қару тәркіленді. Есірткіні сақтаудың 209 фактісі анықталды», - деді Н. Ораз апталық онлайн брифингіде.
Оның айтуынша, профилактикалық іс-шара кезінде 89 мыңға тарта әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде 9 мың ұсақ бұзақылық, 13,5 мың спиртті ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу фактісі анықталды.