Сайрам аудандық полиция бөліміне бірінші сыныптың оқушысы аудандық ауруханаға ауыр халде Қарабұлақ ауылындағы аурухана жеткізілген туралы хабарлама түседі.
Тексеру барысында полицейлер баланы өз анасы түнде ұрып-соққанын анықтаған. Қазіргі таңда дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалауда. Ес-түзсіз жатқан жеткіншек жансақтау бөліміне жатқызылған.
Ал, 36 жастағы келіншек қамауға алынып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 103-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша іс қозғалды. Бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өңірдің тәртіп сақшылары сезікті әйелдің не себепті асқан қатыгездікпен баласын сабағанын анықтап жатыр.