«Полицияға 25 шілде күні сағат 11.12 кезінде Бейбітшілік көшесінде орналасқан әкімдік ғимаратына бейтаныс әйелдер келіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, кіреберісті жауып, ер адамды сабағаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп жазылған департамент дерегінде.
Оқиғадан кейін екі жақ бір-бірінің үстінен полицияға арызданғаны белгілі болды.
«Кикілжіңге қатысушылардың екі тарабынан бір-біріне шара қолдану керектігі туралы арыз түсті. Бұл факті «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында шаралар қабылданады», - деп жазылған департаменттің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Еске салсақ, Telegram-каналдарда елорда әкімдігінің ғимаратында «ер адамның көпбалалы аналардан таяқ жегені» туралы видео тараған болатын.