Полиция екі адамнан 20 келіден аса бекіре балығын тәркіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бекіре-2016» жедел-профилактикалық шарасы асяында Орал стансасы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қала әуежайында БҚО-ның 27 жастағы тұрғынын ұстады.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша,тексеру барысында күдіктіден 13 келі бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Сол күні Атырау стансасы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалында ұсталған ОҚО-ның 1992 жылғы азаматынан 7,5 келі бекіре тәркіленді.

Жоғарыда аталған екі факт бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.