Оның атап өтуінше, елімізде мас күйде куәландырудан өтуден бас тартқан көлік жүргізушілеріне жауапкершілік енгізілген. 2020 жылдан бастап мұндай жүргізушілер 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады
«Бұған қоса, мұндай жүргізушілер 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Осы жылдың 5 айының ішінде еліміздің жолдарында мас күйде көлік жүргізгені үшін 8,5 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл полиция қызметкерлері бір күнде шамамен 70 мас жүргізушіні ұстайтындығын білдіреді», - деді Асқар Тәженов ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.