Полиция қызметкерлері шұңқырға құлаған ақтөбелікті іздеуге жұмылды
Ақтөбе қаласы маңындағы Ақжар, Ақшат ауылдары маңында жоғалып кеткен Кенжебай Алдашевты туған-туыстары мен достары, төтенше жағдайлар департаменті іздеп жатыр. Туыстарының айтуынша, 10 қараша күні Кенжебай Алдашев қала маңындағы шаруашылығынан үйіне бет алған. Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер бір рет төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұрап, кейін байланыс аясынан тыс қалды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, еріктілер мен төтенше жағдайлар қызметі 10 қараша күні іздеуді бастады. К.Алдашев сол күні сағат 04:56-да төтенше жағдайлар қызметіне телефон шалып, өзінің шұңқырға құлап кеткенін, күші сарқылып, шыға алмай жатқанын айтқан. Содан бері іздеу жұмыстары жүріп жатыр, бірақ нәтижесіз.