деп хабарлады Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына шұғыл арада жеткен жедел тергеу тобы Жаңа жылды қарсы алу барысында ішімдікке сылқия тойған ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындағандығын, соның салдарынан күйеуі әйеліне пышақ жұмсағандығын анықтады. Пышақ жарақатынан әйел оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті тергеу амалдары барысында жасаған қылмысын мойындады. Айғақ зат алынды. ҚР ҚК 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған адам Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.