Полиция қызметкерлері Жайық өзеніндегі браконьерлерді ұстады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау ІІД су полициясының қызметкерлері қара уылдырық және бекіре тұқымдас балығын аулаған браконьерлерді ұстады.

«Еркінқала ауылы маңында «Yamaha-200» аспалы моторы бар браконьерлер қайығын ұстадық. Онда 1977 жылы туған облыс орталығының үш тұрғыны болды. Қайықтан 40 келі бекіре тұқымдас балықтар және 1 келі қара уылдырық, 170 келі өзге де балықтар табылды. Ұстау фактісі Қылмыстық кодекстің 335 бабы - «Балық ресурстарын заңсыз аулау» бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. 

«Бекіре-2016» операциясының күзгі кезеңі басталғаннан бері су полициясы қызметкерлері 4 тоннадан астам балық тәркіледі, оның 80 келісі бекіре тұқымдас балықтар. 13 қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.